30
май
2025
Қалалық семинар-практикум : жоба тақырыбы: «Ғажайып мата әлемі»



Жобаның мақсаты: тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Жобаның міндеттері:
- Матаның әртүрлі түрлерімен (мақта, жібек, жүн, синтетика) таныстыру;
- Балаларға мата түрлерінің ерекшеліктерін (текстурасы, түсі, созылмалылығы, жылу сақтау қасиеті) анықтауға мүмкіндік беру;
- Танымдық және шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту;
- Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту;
- Балаларды ұжымдық жұмысқа тарту арқылы топтық қарым-қатынасты нығайту.